«АСТАНА МОТОРС» ҚАЗАҚСТАНДА SUV СЕГМЕНТІНДЕ № 1 БОЛУЫ ТИІС HAVAL БРЕНДІН ҰСЫНАДЫ

Haval автокөліктерінің Қазақстандағы сатылымы бүгін басталды. Great Wall Motor компаниясының (Қытай) премиум сегментіндегі автокөлік брендін отандық нарықта "Астана Моторс" компаниясының құрамына кіретін Haval Motor Kazakhstan компаниясы ұсынады.

Haval дилерлік желісі жақын арада Қазақстанның 14 қаласын қамтиды. Автоорталықтар 3S принципi  (автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді сату, сервистік қызмет көрсету) бойынша жұмыс істейді.

Қазақстанда бастапқыда Haval үлгілер қатары Ресейдегі (Тула облысы) зауытта шығарылатын автокөліктердің үш түрі арқылы ұсынылады: Haval F7 орташа өлшемді интеллектуалды кроссовері; Haval F7x серпінді кросс-купесі ("Ресейдегі жыл автокөлігі – 2020" сыйлығының "Ең танымал қытайлық автокөлік" номинациясындағы жеңімпазы);  Haval H9 үлкен рамалы жол талғамайтын көлігі.

Қазақстанда Haval автокөліктерін Haval Credit, Haval Trade-In және Haval Leasing бағдарламалары арқылы сатып алуға болады. Жаңа Haval автокөлігін сатып алған кезде бағдарламалар 4%-ға дейінгі пайданы ұсынады https://haval-motor.kz/.

«Біз Great Wall Motor компаниясымен ұзақ әрі жемісті ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенеміз. Белгілі әлемдік бренд өзінің сапасымен, инновациялық технологияларымен және қазіргі заманға сай дизайнымен қазақстандықтардың көңілінен шығатынына сенеміз», – деп атап өтті «Астана Моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев.
 

«Біз Haval брендін Қазақстанда ұсынуға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз дилерлік желіні белсенді дамытып, клиенттердің сенімділігін арттыру, сөйтіп, алдағы 7 жылдың ішінде Қазақстан нарығында SUV сегментіндегі № 1 брендке айналу», деп атап өтті Haval Motor Kazakhstan компаниясының директоры Ақылбек Анарбаев.

Haval Motor Kazakhstan ресми импорттаушысының автоорталықтарында сатып алынған барлық автокөліктерге үш жылға немесе 150 мың км жүрілген жолға зауыттық кепілдік қолданылады. Кепілдіктер сондай-ақ автоматты 7-DCT беріліс қорабына – 5 жылға немесе 200 мың км жүрілген жолға; лак-бояу жабынына 3 жылға немесе 150 мың км жүрілген жолға; өтпелi тоттануға қарсы қанша жол жүріп өткеніне қарамастан, 6 жылға; қосалқы бөлшектерге 12 айға беріледі.


Ақпараттық анықтама

Haval («Хавейл») – Great Wall Motor компаниясының 2013 жылы құрылған премиум сегментіндегі автокөлік бренді. Брендтің атауы I Have All (Менде бәрі бар) деген сөйлемнен бастау алады. «Бәрі» – мықты отбасы, қызықты жұмыс, адал достар және сенімді автокөлік. Haval – Great Wall брендінен артық және жайлырақ, әрі қымбатырақ «туысқаны». Осы марка үлгілері үшін неғұрлым бай жабдықтар және қымбат әрлеу материалдары әрдайым қолжетімді. 

Осы маркадағы жол талғамайтын көлік және кроссовер үлгілерінің ауқымды қатары барлық Haval автокөліктері жарақталатын технологиялармен, заманауи өндірістік шешімдермен және интеллектуалды жүйелермен ерекшеленеді.

Үлгілер қатары: Қазақстан нарығында көлемі 1,5 л (150 а. к.) және 2,0 л (190 а. к.) құрайтын, турбо күшейткішті, екі көлемді бензинді қозғалтқышы бар Haval F7 сатылады. Беріліс қорабы– роботтандырылған 7-DCT, жетек түрі – қосылатын толық немесе алдыңғы. Haval F7 төрт түрлі жабдықта ұсынылады: Comfort, Elite, Premium және Tech Plus, бұлардың әрқайсысы премиум сегментіне тән жоғары интеллектуалды белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерімен жарақталған. Haval F7х автокөлігі F7 көлігінен шанағының пропорцияларымен өзгешеленеді, бұл – сәнді, стильді әрі батыл кроссовер-купе. Техникалық сипаттамалары 2,0 л (190 а. к.) қозғалтқышы бар Haval F7 көлігін толық қайталайды. Haval H9 – толық өлшемді 5 және 7 орынды рамалы жол талғамайтын көлік, ол қуаттылығы 218 а. к. құрайтын, екі литрлік қуатты турбо күшейткіші  бар бензинді қозғалтқышпен жарақталған. ZF компаниясының 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен және толық жетекпен бірге жұмыс істейді. Жол жағдайларына бейімделетін, жақсартылған параметрлері бар жүйе түрлі қозғалыс режимдерінде пайдаланған кезде автокөліктің тамаша орнықтылығын, жақсы басқарылуын және өте жақсы өту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қазақстандағы Haval жаңалықтарын әлеуметтік желілерден оқыңыз:

www.instagram.com
www.facebook.com
www.youtube.com