Jaguar Land Rover Almaty_desktop Jaguar Land Rover Almaty_tablet Jaguar Land Rover Almaty_mobile

Jaguar Land Rover Almaty

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 115 Жұмыс кестесі: 9:00 - 20:00 reception@jlr-almaty.kz

Анықтама үшін телефон:

+7 (727) 333 19 19

+7 707 353 1919  (WhatsApp)

Web site 

landrover.astana-motors.kz

jaguar.astana-motors.kz

landrover.astana-motors.kz
"Астана Моторс" компаниясы премиалды көлік брендтері бойынша өз қоржынын кеңейтуде. 2017 жылдың 29 маусымында компания әйгілі Land Rover маркасымен дилерлік келісімге қол қойды. Бұл "Астана Моторс" компаниясының қоржынындағы оныншы бренд.
Алматыдағы Land Rover сатылымы шілде айында басталды.
Алдағы уақытта қаланың жоғарғы бөлігінде брендтің жаңа стандарттарына сай Jaguar Land Rover жаңа дилерлік орталығы ашылмақшы. Автоорталықтың екінші қабатында жайлы демалыс орны мен кафе, ал кішкентай бүлдіршіндерге балаларға арналған анимациялық аймақ қарастырылған. Дилерлік орталықтың үшінші қабатында клиенттерге ұсынылған көлік түрлерімен танысуға мүмкіндік беретін әрі 39 жаңа автомобильді сыйдыратын автоорталықтың қоймалық кеңістігі орналасқан.
Almaty Motors Premium дилерлік орталығының жалпы ауданы 4470 м2 жуық. Шоурумның 602 м2 ауданын алып отырған бірінші қабатта тоғыз көлік орналасып, әрбір клиент компания ұсынатын барлық көліктер түрлерінің тізбегімен таныса алады.
Автосалонда клиенттер назарына Jaguar модельдік қатары бойынша XE ықшамды седаны, XF бизнес-седан, көрнекі класындағы XJ седаны, спорттық SUV F-PACE және динамикалық F-TYPE спорткары ұсынылған.
Almaty Motors Premium дилерлік орталығы Jaguar және Land Rover автомобильдеріне сервистік қызмет көрсету үшін барлық құралдармен жабдықталған.
Клиенттерге арналған аумағы 617 м2 құрайтын ұсталық цехтың 7 орны мен 1 көлік жуатын бокс және 2 электрші орындары бар. Қызмет көрсету орталығы айына 450 көлікті қабылдай алады.
Сервистік қызмет көрсету
Сервистік қызмет көрсету
Jaguar Land Rover жаңа дилерлік орталығы клиенттерге қызмет түрлерінің толық кешенін ұсынып, соның ішінде сату және халықаралық стандарттарға сай көліктерге техникалық қызмет көрсету; түпнұсқалық қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды сату және қосымша құрал-жабдықтарды орнату; несиелеу мен сақтандырудың тиімді бағдарламалары, Trade-In бағдарламасы; сондай-ақ қызмет көрсету бойынша бейілділік бағдарламасы мен көлікті жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету барысында уақытша басқа көлікті ұсына алады.