Смағұлов Қытайда келіссөздер жүргізді: Қазақстанда Hyundai жаңа модельдері пайда болады

Қазақстанда мамыр айында HYUNDAI Custin минивэнінің сатылымы басталады. Модель Қытай нарығы үшін құрылды және халықаралық болып атанды.

"Астана Моторс" негізін қалаушысы Нұрлан Смағұлов ҚХР-дағы және ТМД нарықтарындағы бизнес-құрылымдық бөлімшелерінің басшысы О Иккюн мырзамен кездесті. Қазақстандық кәсіпкер Қытай астанасына Пекин Аuto China автосалонына бару үшін, сондай-ақ халықаралық бизнес-серіктестермен одан әрі даму жоспарларын талқылау үшін келді.

"Өздеріңіз білетіндей, Hyundai автомобиль компоненттері зауыттары әлемнің бірнеше елдерінде, соның ішінде Қытайда орналасқан. Қазақстан үшін бұл логистика тұрғысынан тиімді бағыт. Біз Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында өндіріске арналған жаңа модельдерге автокомпоненттерді жеткізу туралы келіссөздер жүргіздік және келістік. Осыдан бұрын біз Hyundai Сustin моделіне компоненттерді жеткізуге келістік, автомобильдер қазірдің өзінде өндіріліп, мамыр айында сатылымға шығады. Бұл 7 орындық минивэн, Қазақстан үшін, балалары бар белсенді отбасылар үшін, сондай – ақ бизнес үшін өте қолайлы", - деді Нұрлан Смағұлов журналистерге.

Айта кетейік, Hyundai Trans Kazakhstan зауыты 2020 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді және 10 Hyundai моделін шығарады. Hyundai Trans Kazakhstan қуаты жылына 50 мың автокөлікті құрайды.  2022 жылы зауыт 37 205, 2023 жылы 48 857 автомобиль шығарды. 2024 жылдың I тоқсанында 9 934 автомобиль шығарылды.

Пекиндегі  моторшоуда Hyundai Motor Company Hyundai және Genesis брендтерінің жаңа өнімдерін ұсынды.

"Тек қытайлық брендтер ғана емес, Қытай қазіргі уақытта автоөнеркәсіптің әлемдік көшбасшыларының біріне айналуда және үлкен назар аударуда. Бірінші күні моторшоуға 100 мыңнан астам адам келді. Мұнда ұсынылған жаңалықтар тек қытай нарығына ғана емес, әлемдік нарыққа, соның ішінде Қазақстанға да арналған.  Яғни, біз бүкіл әлеммен бір мезгілде автомобиль өнімдерінің ең соңғы жаңалықтарын аламыз", – деді Нұрлан Смағұлов.