ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ: LEXUS ASTANA LEXUS KIWAMI 2020 алды

- Lexus Astana ресми дилері Lexus Kiwami 2020 сыйлығымен марапатталды және еуропалық үздік дилерлер тізіміне енді. - Сыйлықта жапондық қонақжайлылық Омотенаши қағидасына сәйкес әрбір клиентке жеке қатынас мәселесі ескеріледі.

Жыл сайын Lexus Europe үздік дилерлерді беделді Lexus Kiwami сыйлығымен марапаттайды. Бұл тамаша жұмысы, Lexus қызмет көрсету стандарттарын 5 жұлдыз деңгейінде ұстап тұрғаны, Омотенаши қонақжайлылығы және бизнестегі табыстылығы үшін берілетін сыйлық.

Екі кезеңдік іріктеу мен бағалау нәтижесінде Lexus Kiwami 2020 (жапон тілінен аударғанда "максимум" деген мағынаны білдіреді) сыйлығының 14 лауреаты анықталды, оның ішінде Lexus Astana да бар.

Lexus Astana дилерлік орталығы Омотенаши қонақжайлылық қағидасын қазақстандық нарықта қалай сәтті қолдануға болатынын көрсетіп келеді. Бұл қағидат жапон дәстүрінен шабыттанады, клиенттердің тілектерін алдын ала сезуге және орындауға негізделеді және Lexus қызметінің барлық салаларында негізгі фактор болып табылады. 

Lexus Kiwami - бұл біздің компания және Lexus Astana дилерлік орталығының әрбір қызметкері үшін маңызды марапат. Біз қонақжайлылықтың ең жоғары стандарттарын сақтаудағы жетістіктеріміз үшін Lexus-тың ең жақсы дилерлерінің тізіміне қайта кірдік (2017 жылы Lexus Astana Қазақстандағы Lexus Kiwami сыйлығының бірінші жеңімпазы атанды). Бұл қызметкерлердің күнделікті жұмысқа адалдығы мен әрбір клиентке құрметпен қарауының арқасында мүмкін болды.