Нұрлан Смағұлов

Astana Group төрағасы

Басшылық

Нұрлан Смағұлов — тарихы «Астана Моторс» ҚМК құрылған 1992 жылдан бастау алатын Astana Group негізін қалаушы.

Нұрлан Еркебұланұлы — Қазақстандағы танымал кәсіпкер, меценат, № 2 түзету мектеп-интернатының қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

1965 жылғы 2 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Химия және биология» мамандығы бойынша бітірген. 1984–1986 жылдары әскер қатарында қызмет етті.

  • 1992 жылы «Астана Моторс» қазақ мотор компаниясының негізін қалады. Автокөлік компаниясының негізгі қызмет түрі — автокөліктерді жасау және сату, сервистік қызмет көрсету.
  • 1996–2002 жылдары «Азық-түлік корпорациясы» ЖАҚ-та жұмыс істеді.
  • 1996–2000 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі лауазымын атқарды.
  • 2003 жылы Mega Center Management негізін қалады.
  • 2006 жылы алғашқы «Mega Alma-Ata» сауда ойын-сауық орталығын құрды.
  • 2019 жылы Қазақстанның велосипед спорты федерациясының президенті болды.
  • 2020 жылы Нұрлан Смағұлов қайырымдылық қорын құрды.
  • 2021 жылы Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының құрылысын бастады.

Марапаттары мен сыйлықтары:

  • 2007 жылы республика алдында сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» мемлекеттік орденімен марапатталды.
  • 2007 жылы ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
  • 2008 жылы «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталды.
  • 2009 жылы Ernst&Young халықаралық аудиторлық компаниясы ұйымдастырған «Жыл кәсіпкері» (Entrepreneur of the year award) халықаралық байқауының Ұлттық кезеңінің жеңімпазы атанды.
  • 2010 жылдың қорытындысы негізінде «Эксперт Қазақстан» журналының нұсқасы бойынша «Жыл кәсіпкері» болып танылды.
  • 2011 жылдан бастап Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендердің ондығына кіреді.
  • 2012 жылдың мамыр айында халықтың дауыс беруі нәтижесінде ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ел тұлғасы» байқауының «Бизнес» номинациясында жеңімпаз атанды.
  • 2014 жылдан бастап Қазақстандағы ең ірі рантье болып табылады (Forbes Kazakhstan рейтингісінде №1).
  • 2015 жылдың қорытындысы негізінде Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша «Жыл бизнесмені» болып танылды.
  • 2018 жылы өндірістік қызметте сіңірген еңбегі және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
  • 2019 жылы Алматы қаласының дамуына қосқан үлесі үшін «Еңбегi үшiн» белгісімен марапатталды.
  • 2020 жылы «Халық алғысы» медалімен марапатталды.
Бекнұр Несіпбаев

«Астана Моторс» ҚМК бас директоры

Бекнұр Мұратұлы компанияның бас директоры болып тағайындалғанға дейін «Астана Моторс» ҚМК-да 10 жыл еңбек етті. Еңбек жолын қосалқы бөлшектерді сату бөлімінің менеджері қызметінен бастады. Ары қарай қосалқы бөлшектер бөлімінің басшысы, техникалық директор, Hyundai Auto Astana дилерлік орталығының директоры, «Астана Моторс» ҚМК техника жөніндегі басқарушы директоры қызметтеріне тағайындалды.

2007 жылы «есеп және аудит» мамандығы бойынша Қазақстан-Ресей университетін аяқтады.

Руслан Омаров

«Астана Моторс» ҚМК қаржы жөніндегі басқарушы директоры

Руслан Мұхтарұлы 12 жылдан астам уақыт бойы «Астана Групп» құрылымында жұмыс істейді. Мұнда қарапайым маманнан бастап компанияның топ-менеджеріне дейінгі жолды жүріп өтті.

Еңбек жолын девелоперлік бөлімшенің қаржы менеджері қызметінен бастаған ол әр жылдары «Астана Групп» компаниясының қаржы талдаушысы, кредиттік департаменттің директоры болып жұмыс істеген.

2017 жылы Руслан Омаров «Астана-Моторс» Моторлық компаниясы» ЖШС қаржы жөніндегі басқарушы директоры лауазымына тағайындалып, онда ұзақ мерзімді мақсаттар мен даму перспективаларына сүйеніп, компаниялар тобының қаржысын басқару, нарық конъюктурасын ескере отырып, қаржыландыру көздерін анықтау және стратегиялық қаржылық жоспарлау бойынша қойылған міндеттерді орындауға байланысты өзге де жұмыстарды жүзеге асырады.

2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ «қаржы» мамандығы бойынша бітірді.

Кит Мэтью Симмонс

«Астана Моторс» дистрибьютерлік  желіні дамыту жөніндегі директор

Кит Симмонс автокөлік саласында 30 жыл жұмыс істейді, 2021 жылғы желтоқсанға дейін Toyota Motor Kazakhstan президенті қызметін атқарды, Toyota Financial Services Kazakhstan Бақылау кеңесінің мүшесі болды.

Кит Мэтью Симмонс Ұлыбританиядан шыққан, Плимут университетін бітірген, бизнес бакалавры дәрежесін және маркетинг дипломын алған, сонымен қатар Швейцарияда Лозанна қаласындағы Халықаралық басқаруды дамыту институтын (IMD) бітірген.

Симмонс мырзаның автокөлік саласындағы мансабы 1992 жылы басталды. Ол Jaguar Land Rover, Toyota Motor Europe, Toyota Motor Russia және Toyota Motor Corporation Japan компанияларында басшылық қызметтер атқарды.

2017 жылы Кит Симмонс Toyota Motor Corporation еншілес компаниясы, Toyota және Lexus автокөліктерінің ресми импорттаушысы және дистрибьюторы болып саналатын Toyota Motor Kazakhstan президенті атанды.

Денис Коломацкий

Басқарма мүшесі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор

Денис Александрович «Астана Моторс» құрылымында 2011 жылдан бері қызмет етіп келеді. Түрлі жылдары Астана мен Алматыдағы дилерлік орталықтарда директор, «Астана Моторс» дилерлік желісін дамыту жөніндегі басқарушы директор, Қазақстандағы Hyundai дистрибуциясы директоры лауазымдарын иеленді.

2023 жылғы тамыз айынан – «Астана Моторс» басқарма мүшесі және корей автобрендтері бизнесін дамыту жөніндегі директор.

Мәди Өтешев

«Астана Моторс» ҚМК мемлекеттік реттеу жөніндегі басқарушы директоры

Мемлекеттік реттеу, мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға автомобильдер сатуды ілгерілету мәселелері бойынша бағыттарға, сондай-ақ корпоративтік мәмілелерге жетекшілік етеді. Жеке қаржы құрылымдарында, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс тәжірибесі бар. Микрокредиттік ұйымның басшысы, шетелдік компанияда басқарушы директор болып қызмет атқарып, ҚР ПІБ «Бүркіт» МӘК» РМК-да маманнан қызмет бастығына дейінгі сатылардан өтті.   

«Болашақ» бағдарламасының «Экономика және халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша түлегі (Ұлыбритания).

Ақылбек Анарбаев

«Астана Моторс» ҚМК бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор

Анарбаев Ақылбек Мүталұлы өзінің тағайындалуына дейін «Астана Моторс» ҚМК-да 16 жыл басқарушы директор болып жұмыс істеді.

Мансабын маркетинг жөніндегі менеджер лауазымынан бастады.

Кейін Subaru Kazakhstan дистрибуциясының маркетинг жөніндегі басшысы, директордың орынбасары, директоры және Haval Motor Kazakhstan дистрибуциясының директоры болды.

«Астана Моторс» ҚМК маркалы портфеліне кірген қытайлық әріптестермен табысты келіссөздер жүргізді.

Білімі: 2004 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Дархан Алимуканов

Дилерлік желіні дамыту жөніндегі директор

Дархан Алтынбекович «Астана Моторс» ҚМК компаниясындағы мансабын 2016 жылы жаңа автокөліктерді сату жөніндегі кеңесші лауазымынан бастады. Содан кейін жаңа автокөліктерді сату жөніндегі аға кеңесші, сату департаментінің директоры лауазымдарына тағайындалған, «Бавария Астана» және «Тойота Центр Астана» дилерлік орталықтарының директоры болған.

2023 жылдың 20 ақпанынан бастап «Астана Моторс» дилерлік желісін дамыту жөніндегі директор лауазымына тағайындалды.

Ерікқали Тұржанов

«Астана Моторс» ҚМК жол жүрген автомобильдерді сатуды дамыту жөніндегі директоры

Жол жүрген автомобильдер бөлімшесіне жетекшілік етеді. Компаниядағы еңбек жолын 2014 жылдан бастап, «Астана Моторс» компаниясының түрлі департаменттерінде, сондай-ақ «Hyundai Auto Kazakhstan» және «Hyundai Com Trans Kazakhstan» компанияларында жұмыс істеген. «ERG» («ENRC») «Еуразиялық Топ» халықаралық корпорациясының логистика саласында жұмыс тәжірибесі болды.

2008-2010 жылдары Канадада оқыған. Columbia College бітірген. Сонымен қатар Тұран университетінің экономика факультетін тәмамдаған.

Эльмира Омарова

«Астана Моторс» ҚМК персоналмен жұмыс жөніндегі директоры

«Астана Моторс» Қазақ моторлы компаниясының қызметкерлерін басқару бағытына жетекшілік етеді. Ірі халықаралық компанияларда да, квазимемлекеттік сектор компанияларында да, қазақстандық компанияларда да қызметкерлерді басқару саласындағы тәжірибесі мол. Екі жоғары білімі бар.

1995 жылы Қазақ Мемлекеттік әлем тілдері университетін «шет тілдер оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Дана Каримова

Маркетинг жөніндегі директор

Компанияның маркетинг бөлімшесіне және байланыс орталығына жетекшілік етеді. Қазақстандық және ірі халықаралық компаниялардың сату бөлімінде және маркетингінде, соның ішінде Орта Азия және Кавказ өңірі бойынша Мәскеудегі жауапкершілік аймағында көп жылдық тәжірибеге ие. Екі жоғары білімі бар.

2003 жылы «Шет тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.

2006 жылы «Экономика» мамандығы бойынша Инновациялық Еуразия университетін бітірген.

Александр Пальчиков

«Астана Моторс» ҚМК қаржы департаментінің жетекшісі

Компаниядағы еңбек жолын 2011 жылы бастап, әр жылдары «Астана Моторс» ҚМК-ның функционалдық басқаруына кіретін «Astana Motors Premium», «Auto Center Astana Motor» компанияларында қаржы директоры қызметін атқарды. 2016 жылы Басқарушы компанияға Қаржы департаментінің жетекшісі қызметіне ауысып, онда қаржы қызметін басқару және үйлестірумен айналысады.

2010 жылы Financial Management мамандығы бойынша KIMEP University бітіріп, сондай-ақ іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне ие.

Антон Кущ

«Астана Моторс» ҚМК құрылыс жөніндегі басқарушы директоры

Антон Викторович компания жүйесінде 2021 жылдан бастап жұмыс істейді. «Тойота Астана орталығын» және BMW брендімен Бавария автоорталығын басқарған.

2023 жылы дилерлік орталықтың белсенді құрылуына байланысты «Астана Моторс» компаниясында Антон Кущ басшылық ететін жаңа бағыт ашылды.

Александр Педус

«Астана Моторс» ҚМК басқарушы техникалық директоры

Александр Сергеевич автобизнес саласында 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Мансабы автоорталықтағы қоймашыдан басталды. Әр жылдары Toyota және Lexus дилерлік орталықтарында қосалқы бөлшектерді көтерме және өңірлік сату бойынша менеджер, қойма меңгерушісі, сатудан кейінгі қызмет көрсету бөлімінің бастығы және бизнес-технолог болып жұмыс істеді.

2020 жылдың шілдесінде Астана Моторс ұжымына қосылып, «Hyundai Auto Kazakhstan» ЖШС дистрибуциясының техникалық директоры болып тағайындалды.

Ал 2024 жылдың ақпан айында Александр Педус «Астана Моторс» ҚМК басқарушы техникалық директоры болып тағайындалды.

Бекнұр Несіпбаев
Руслан Омаров
Кит Мэтью Симмонс
Денис Коломацкий
Мәди Өтешев
Ақылбек Анарбаев
Дархан Алимуканов
Ерікқали Тұржанов
Эльмира Омарова
Дана Каримова
Александр Пальчиков
Антон Кущ
Александр Педус
Бекнұр Несіпбаев
Руслан Омаров
Кит Мэтью Симмонс
Денис Коломацкий
Мәди Өтешев
Ақылбек Анарбаев
Дархан Алимуканов
Ерікқали Тұржанов
Эльмира Омарова
Дана Каримова
Александр Пальчиков
Антон Кущ
Александр Педус