«VINO - ASTANA MOTORS» КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Континенттік велокоманда өзінің жетістіктерімен қуантып жатыр.

Жыл басынан бері жастар командасының спорттық жетістіктерінің қоржыны бірнеше марапатпен толықты.

Тараз қаласында өткен ҚР-ның Қысқы Чемпионатында "Vino - Astana Motors" командасы топтық жарыс бойынша алтын медальді жеңіп алды. Сол кезде велошабандоз Алексей Волошин жарыстың жеңімпазы атанды. Мамыр айының басында Шри-Ланка турында Степан Астафьев ұпай жинап, жалпы жіктеу бойынша 2-ші орынға ие болды. Одан бұрын ол наурыз айында Түркиядағы Сиде қаласында Гран-приді жеңіп алған. Осыдан кейін команда Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, "Vino - Astana Motors" - 2014 жылы Қазақстандық кәсіби велоспортшы, Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың бастауымен құрылған континентальдық велокоманда. 2017 жылдан бастап командаға "Astana Group" компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов қолдау көрсетіп келеді.

Биыл командаға 2016 жылы Қазақстан Чемпионы атанған, осыған дейін "Astana Pro Team" про-тур велокомандасының мүшесі болған Арман Қамышев қосылды.