BEELINE HYUNDAI ACCENT-КЕ МІНДІ

Beeline брендінің атынан өкілдік ететін "КаР-Тел" қазақстандық телекоммуникациялық компаниясы "Астана Моторс" компаниясының құрамына кіретін Astana Motors Finance компаниясы арқылы оперативтік лизинг шарты аясында 60 Hyundai Accent автомобилін оперативтік лизингіге алды.

Автомобильдер "Астана Моторс" компаниясының еншілес кәсіпорны қазақстандық Hyundai Trans Kazakhstan зауытында жасап шығарылған.

"КаР-Тел" компаниясы корпоративтік саясатына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарындағы сауда орындарына қызмет көрсететін Beeline сауда өкілдеріне арнап көліктер сатып алды.

Astana Motors Finance компаниясы шарт аясында жобаға арнап автомобильдер сатып алып, оларды брендтеп, қосымша жабдықтармен (сигнал жүйесі, бейнетіркеуіштер, т.б.) жасақтап, Beeline компаниясына пайдалануға берді.

Оған қоса Astana Motors Finance компаниясы барлық өңірлердегі автомобильдерге 36 ай ішінде кешенді қызмет көрсетіп тұру міндетін өзіне алды. Кешенді қызмет көрсетуге автомобильдерді өкілетті мемлекеттік органдарда тіркеу (есепке қою); толық техникалық және сервистік қызмет көрсету; қолданыстағы автомобильді қалпына келтіріп жөндеу кезеңінде ауыстыратын автомобиль; азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру; автомобильдерді ерікті түрде сақтандыру (КАСКО); маусымдық шиналарды сатып алу, ауыстыру және сақтау; көлік құралдары салығын төлеу жатады.

«Компанияның сауда өкілдері брендтің бет-бейнесі болып табылады. Бұл біздің брендті клиенттер қалай көретіні солардың уәждемесіне байланысты дегенді білдіреді. Біз қызметкерлерімізге ең жақсы еңбек жағдайларын қамтамасыз етеміз, тиімді сатылым үшін оларға тиісті құралдарды ұсынамыз (мысалы, бөлшек саудадағы сатылымды басқарудың жеке қолданбасы), ал енді жұмысқа арналған заманауи автомобиль ұсынамыз. Бұл Қазақстандағы сауда өкілдерінің үздік желісін қалыптастыру жөніндегі дәйекті жоспардың бір бөлігі», – деп атап өтті «КаР-Тел» ЖШС сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Қабдрахимов.

«Біздің "КаР-Тел" компаниясымен серіктестігіміз– көпжылдық тарихы біріктіретін жетекші отандық компаниялардың B2B ынтымақтастығының үлгісі. Бұл мақсаты нәтижелі жұмыс істеу болып табылатын екі брендтің табысты әрі ұзақ мерзімді қарым-қатынасының бастамасы деп білеміз», – деді«Астана Моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

Сондай-ақ ол автокөліктерді оперативтік лизингіге алудың бизнес үшін артықшылықтарын атап өтті, олардың ішінде: алғашқы жарнаның болмауы; теңгемен белгіленген төлемдер есебінен девальвация әсерінен қорғалуы; күрделі шығындар мен әкімшілік ресурстардың оңтайландырылуы; ашық есептілік; автомобильдердің сақтандырылуы; білікті сервистік қызмет; әрбір 3-5 жыл сайын корпоративтік автопаркті жаңартып отыру мүмкіндігі, т.б.

 

Hyundai Accent сенімді, тиімді, үнемді, қарапайым жолмен қызмет көрсетілетін автомобиль. Отандық Hyundai Trans Kazakhstan зауытында Hyundai Motor Company компаниясы инженерлерінің бақылауымен тәжірибелі машина жасау мамандары Hyundai автомобильдерінің жоғары сапа стандарттарын қамтамасыз етеді.


Ақпараттық анықтама

«Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін Astana Motors Finance компаниясы 2004 жылдан бастап қазақстандық және шетелдік шағын, орта, ірі компанияларға, Қазақстан Республикасындағы өкілдіктер мен резидент емес тұлғаларға қаржылық және оперативтік лизинг қызметтерін көрсетеді http://www.mkamf.kz/

Оперативтік лизинг – компанияға арналған толық сервистік қызметі бар автокөліктерді жалға алу (қолданыстағы автопарктің аутсорсингі) http://www.mkamf.kz/ru/page/operativnyy-lizing-_25