«Subaru & Borodin Driving Academy» қысқы тест-драйвы

Алматыдағы Астана Моторс спорт полигонында Subaru кроссоверлерінің қысқы тест-драйвы өтті.

Іс-шараға толық жетекті Subaru машиналарының 60 шақты бағалаушысы қатысты. Өтімділігі, маневрлігі және қауіпсіздігі бойынша сынамаға Subaru Outback, Subaru Forester және Subaru XV кроссоверлері алынды.

Арнайы полигонда келесілер сыналды:

  • жолсызбен қозғалу кезіндегі X-Mode жәрдем жүйесі;
  • жүргізушіге EyeSight жәрдем жүйесі; 
  • кері жүріс кезіндегі автоматты тежеуіш жүйесі (RAB);
  • Subaru автомобильдерінің жолсыз жағдай кезіндегі мүмкіндіктерін бағалау.

Сондай-ақ, тест-драйв қатысушылары тәжірибелі нұсқаушылардың, нақтырақ айтқанда, Владимир Бородин мен оның командасының басшылығымен, экстремалды жүргізуді қауіпсіз жүргізуге айналдыруды үйренді. 

Тест-драйвты Subaru Motor Almaty дилерлік орталығы ұйымдастырды.

Іс-шараның барлық қатысушыларына қызығушылық танытқаны мен белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз!