Subaru Motor Almaty дилерлік орталығында «CONTINENTAL ЖӘНЕ SUBARU: КӨЛІК АПАТТАРЫНА ЖОЛ ЖОҚ» әлеуметтік жобасы іске қосылды

Subaru Motor Almaty дилерлік орталығында Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздік деңгейінің жоғарылуына бағытталған "CONTINENTAL ЖӘНЕ SUBARU: КӨЛІК АПАТТАРЫНА ЖОЛ ЖОҚ" әлеуметтік жобасын іске асыру бойынша БАҚ-на арналған брифинг өтті.

Іс-шара аясында "Алтын ережелер – Мен қауіпсіздікті қалаймын" құжатына қол қойылып, бұл ережелер эстафета бойынша автошеру бағытындағы Астана мен Қарағанды қалаларына берілетін болады.

Жоба ұйымдастырушылары Continental Matador KZ, Subaru Kazakhstan және "Ортақ жол" жол қозғалысы қауіпсіздігінің қауымдастығы.

"Экстремалды жүргізуді қауіпсіз етеміз".

#StopCrashKz #SubaruKZ