Алматыда алғаш рет шорт-тректен Әлем кубогінің кезеңі өтті

7-9 желтоқсан күндері "Halyk Arena" мұз сарайында шорт-тректен Әлем кубогінің үшінші кезеңі өтті.

Алматыға бүкіл әлемнен 150 спортшы ағылды. Ақтық кезеңде Қазақстан атынан екі спортшы: Анастасия Крестова мен Абзал Ажғалиев қатысты. Крестова мәре сызығын төртінші болып өтті. Жеңіс Оңтүстік Кореядан келген Ким Йон Хиге бұйырды. Екінші орынды ресейлік Екатерина Ефременко иеленді. Үздіктердің үштігін қытайлық Джиню Ли тұйықтады. Ал Абзал Ажғалиев болса, финалда бесінші орынға табан тіреді.

Шорт-трек әлеміндегі осынау ірі шараға Астана Моторс құрамындағы Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы демеушілік етті.

Фотокредит: Ермек Рүстемов (Алматы қаласы Спорт Ғимараттарының Дирекциясы).