Қазақстанда BMW i жаңа үлгілері сатыла бастады

Әлем бойынша премиум-сегментінің ең көп сатылатын шағын электркөлігі – BMW i3 пен BMW i8 – гибридті спорткары елімізде де қолжетімді.

Электромобильділік BMW болашақ жетістіктерінің өлшемі. Былтыр BMW Group клиенттерге 103 000 электрлі автокөлік жеткізген (электромобильдер және гибридті үлгілер). 2018 жылы компания 140 000 бірлікті сату арқылы көрсеткішті өсіруді көздеп отыр.

2025 жылға қарай BMW автокөліктерінің электрлі модельдерінің саны 25-ке дейін өспек. 2021 жылдан бастап қолжетімді болатын электр жетектің бесінші буыны және аккумулятор батареясының жаңа технологиялары арқасында BMW Group барлық түрдегі жетекпен жабдықталған автокөліктерді жасау мүмкіндігіне ие болады. Концерн BMW i1 мен i9 аралығындағы және BMW iX1 мен iX9 аралығындағы атауларды патенттеп қойған. 

"Астана-Моторс" құрамына кіретін "Бавария Автоорталығы" былтыр BMW AG концернімен жасаған келісім бойынша Қазақстанға жаңа BMW i электрмобильдерін жеткізіп отырады. Осылайша, "Астана-Моторс" біздің нарыққа еуропалық электрмобильдерді ресми түрде алып келетін, сондай-ақ кепілді қызмет көрсетуге толық қолдау көрсететін республикамыздағы жалғыз автокөлік компанияларының тобына айналды.

Бүгінде BMW i тізбегінде – BMW i3 және BMW i8 екі үлгісі ұсынылған.

BMW i3 – BMW компаниясының тарихындағы алғашқы электр жетекті автокөлік. Электрқозғалтқыштың жүріс қоры – 300 км құрайды. Небәрі 13,6-13,1 кВтс/100 км қуатты тұтынатын BMW i3 – әлем нарығындағы ең тиімді электромобиль. Тіпті, күнделікті пайдаланғанда, қолайсыз ауа райы немесе климат-контрольді қосып жүргенде жаңартылған BMW i3 бір зарядпен кемінде 200 км жүріп өтуге қауқарлы.   

BMW i8 Coupe – болашақтың жаңа формасы. Оның таңғаларлық дизайнына бір қарағаннан-ақ қандағы адреналин деңгейі жоғарылап кетеді. Оған артқан үмітіңіз ақталады – үлгінің инновациялық гибрид жетегінің жиынтық қуаты 374 а.к. және айналдыру моменті 570 Нм. 100 км/сағ жылдамдыққа бар болғаны 4,4 секунд қажет болады. Максималды жылдамдығы 250 км/сағ тең. Осы ретте отын шығыны аралас циклде 100 км қашықтыққа бар болғаны 1,9 л құрайды.

Үй жағдайында BMW i3 мен BMW i8 Coupe көліктерін арнайы BMW i Wallbox зарядтау станциясы немесе 220В желі розеткасынан кәдімгі зарядтау кабелі арқылы қуаттауға болады. Тұрақты токпен тез қуаттауға бейімделген заманауи зарядтау станциялары BMW i3 батареясын 40 минут ішінде 80 %-ға толтырады.

ҚАБА мәліметінше, бір жыл ішінде елімізде 109 жаңа зарядтау станциялары пайда болмақ: Астана және Алматы қалаларында 50 станциядан, тағы тоғыз станция Астана – Бурабай жолында орнатылмақ. 2018 жылдың соңына қарай елімізде барлығы 350 станция орнатылатын болады.