MEGA SILK WAY ОРТАЛЫҒЫНДА TOYOTA САТУ НҮКТЕСІ АШЫЛДЫ

Наурыз мерекесі күндері Астана қаласында POP-UP STORE TOYOTA ашылу салтанаты өтті.

"Астана Моторс" ҚМК құрамына кіретін Тойота Центр Астана Mega Silk Way ОСО-да сауда нүктесін ұйымдастырды.

Ірі ойын-сауық орталығындағы POP-UP STORE TOYOTA сауда нүктесінің жаңа форматы – клиентке жақындай түсуге мүмкіндік беретін тұжырымдама. Бұдан былай автомобиль сатып алу үшін арнайы автоорталыққа барудың қажеті жоқ. Автомобильді отбасылық демалыс немесе шопинг кезінде де сатып ала аласыздар. 

Менеджерлер клиенттерге толық кеңес беріп, сатып алудың тиімді шартын таңдауға және бастапқы құжаттар пакетін құруға көмектесіп, келісім аяқталғанға дейін бірге болады. 

Ойын-сауық орталығында Toyota автомобильдерін ашық көрсету кез келген қызығушылық танытқан клиентке автомобильдің басты сипаттамаларымен танысып, сондай-ақ дәл сол жерде тегін тест-драйвтан өту үшін өтініш жасауға мүмкіндік береді.