Жаңа Subaru Forester Қазақстанда ұсынылды

Астана Моторс компаниясының құрамына кіретін ресми дистрибьютор – Subaru Kazakhstan Алматыда жаңа Subaru Forester көлігінің алғашқы тест-драйвын өткізді.

Жаңа Forester SGP (Subaru Global Platform) жаһандық платформасында құрастырылды. Алдыңғы үлгімен салыстырғанда кроссовер 15 мм ұзындау және 20 мм жалпақтау болды. Жол саңылауы бұрынғыдай қалды – 220 мм (атап айтқанда, үлгінің клиренсі сыныптастар арасында ең үлкен болып саналып, автокөлікті жолсыздық жағдайларында қолдануға мүмкіндік береді).

Автокөліктің интерьері одан сайын жетілдірілді. Салонның қаптамасын дайындаған кезде тек жоғары сапалы былғары және жұмсақ пластик қолдынылды. Forester салонында орталық консоль, аспаптар тақтасы, климаттық қондырмасы бар басқару блогы және руль өзгеріске ұшырады. Орындықтар жаңа пішін мен қаптау материалдарына ие болды.

Бесінші буынға жататын Subaru Forester негізгі артықшылықтары:

  • жан-жақты шолу мүмкіндігі – Subaru автокөліктерінің басты тұстарының бірі;
  • көлемді жүксалғыш (40 литрге өсті);
  • фирмалық толық жетекті Symmetrical AWD жүйесі;
  • жаңартылған Subaru Boxer қозғалтқышы;
  • жаңа Subaru Global Platform (SGP) платформасы;
  • 220 мм жол саңылауы;
  • қозғалтқыш жұмысының екі тәртібі, трансмиссия және тежеу жүйесі бар екінші буынға жататын жаңартылған X-Mode жүйесі;
  • қозғалтқыш пен трансмиссияны басқаратын екі жұмыс тәртіптері бар SI-Drive жүйесі;
  • екінші буын Lineartronic жаңартылған вариаторы;
  • рульдің бұрылуына жауап қайтаратын бас жарықтың шамдары (SRH);
  • Bluetooth қолдайтын 6,5 және 8,0 дюймдік сенсорлық экрандары бар мультимедиалық жүйе;
  • жуғы-шайғысы бар артқы көрініс камерасы;
  • бүйірлік шолу камерасы;
  • екі аймақтық автоматтандырылған климатты бақылау жүйесі;
  • соңғы буынға жататын ақпараттық-ойын сауық жүйеcі;
  • Harman Kardon алдыңғы қатарлы аудиожүйесі.

Алты қосалқы функциядан тұратын EyeSight жүргізушіге көмек жүйесі жеке тоқталып кетуге тұрарлық жайт: бейімді круиз-бақылау, автоматты шұғыл тежелу жүйесі, акселераторды апатқа дейін басқару, қозғалыс жолағының ауысуы туралы ескерту жүйесі, белгілеу сызығын кесіп өту туралы ескерту жүйесі, алдында келе жатқан автокөліктің қозғала бастағаны туралы ескерту.

Бұдан басқа, жаңа Subaru Forester SRVD жүйелер кешенінің көмегімен артта келе жатқан автокөлікті де табуға көмектесіп, әрі төрт функцияны қамтиды: радарлық тетіктердің негізіндегі қозғалыс жолағын ауыстырған кезде қасындағы қозғалыс жолағында көлік құралдарының барын анықтайтын көмек жүйесі (LCA); артқа қозғалу кезінде оң немесе сол жақтан жақындап келе жатқан автокөліктердің бар болуын анықтайтын көмек жүйесі (RCTA); радардың көмегімен "соқыр" аймақтарда көлік құралдарының барын анықтайтын объектілерді табу жүйесі (BSD); кері жүріп қозғалған кезінде автокөліктің артындағы кедергілерді табу үшін радарлық тетіктерді қолданатын автоматты тежеу жүйесі (RAB). Кедергіні тапқан кезде жүйе жүргізушіні ескертеді де, қақтығысты болдырмас үшін автоматты тежеуді қолдана алады.

Жаңа Forester Ресейде өткен "Жыл автокөлігі" жыл сайынғы ұлттық сыйлығында ең сенімді автокөлік ретінде танылғанын атап өткен жөн. Үлгі "TOP SAFETY PICK 2018" ең жоғары қауіпсіздік рейтингісіне ие болып, "Euro NCAP" қауіпсіздікті сынау нәтижелері бойынша "5 жұлдыз" марапатына ие болды.

Қазақстандық нарықта жаңа үлгінің 4 спецификациясы ұсынылатын болады.

Автокөлікті Subaru Finance және Subaru Trade-in бағдарламалары бойынша сатып алуға болады.