«АСТАНА МОТОРСТАҒЫ» АВТОМОБИЛЬШІЛЕР КҮНІ

Жыл сайын президент Нұрлан Смағұлов бастаған компания басшылығы Автомобиль көлігі жұмысшыларының күні кұрметіне ардагерлер мен үздік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтайды.

Алматыдағы компанияның барлық дилерлік орталықтарын аралап шыққан басшылық, барлық ерекше көзге түскен жұмысшыларға компанияның дамуына қосқан үлесі үшін салтанатты түрде мақтау қағаздарын ұсынып, сондай-ақ ақшалай сыйлықтарды табыстады.  

Бірнеше жылдар бойы компанияның үздік қызметкерлері жұмысқа деген сапалы әрі адал қарым-қатынастарының символы ретінде таза алтыннан, күмістен және қоладан құйылған корпоративтік «Астана-Моторс» белгісімен марапатталады. 

Мейрамдарыңызбен, әріптестер!