«АСТАНА МОТОРС» КОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРТЫМДЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРІНІҢ ҮЗДІК ОНДЫҒЫНА КІРДІ

Жыл сайын әлемнің 33 елінде Randstad Employer Brand Research – жұмыс берушілер брендтерінің тартымдылығын тәуелсіз зерттеу өткізіледі.

Жобаның бастамашысы – жаһандық кадрлар индустриясы көшбасшыларының бірі Randstad халықаралық холдингі.

Жобаның Қазақстандағы ұйымдастырушысы – ANCOR Central Asia.

Жобаның орындаушысы – Kantar TNS халықаралық зерттеу тобы.

Сауалнамаға студенттерді қоса алғанда, 18 және 65 жас аралығындағы жұмыс істейтін және істемейтін, жалпы жаһандық экономиканың 75 %-дан астамын құрайтын 200 мыңнан астам респондент қатысады.

Компанияларды бағалаудың негізгі критерийлері – қаржылық тұрақтылық, заманауи технологияларды енгізу, жақсы бедел, жұмыспен қамту кепілдігі, мансаптық өсу мүмкіндігі, қоғам мен қоршаған ортаға қамқорлық, қызықты жұмыс, жағымды жұмыс ортасы, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік, жақсы еңбекақы.

2020 жылы Қазақстанда тұңғыш рет зерттеулер жүргізілді және "Астана Моторс" компаниясы еңбек нарығындағы көшбасшылардың ондығына кірді.

Біз зерттеу қатысушыларына мойындағаны және жоғары баға бергені үшін алғыс айтамыз. 

Жыл сайын әлемнің 33 елінде Randstad Employer Brand Research – жұмыс берушілер брендтерінің тартымдылығын тәуелсіз зерттеу өткізіледі.