АҢДАТПА: Subaru кроссоверлерін сынақтан өткізу

Күні: 2018 ж. 14 шілдесі

Уақыты: 10:00 - 14:00

Өтетін орны: Hyundai Trans Auto зауытының аумағындағы Астана Моторс спорттық полигонында (Алматы қ., Бұқтырма көш., 70).

"Астана Моторс" ҚМК құрамына кіретін Subaru Kazakhstan дистрибьюторы және Subaru Motor Almaty дилерлік орталығы баршаңызды Астана Моторстың "Дала бөрілері" командасының бас пилоты Владимир Бородинмен* өтетін тест-драйвқа қатысуға шақырады.

Арнайы алаңда келесі жүйелер: X-Mode; жүргізушіге көмек беретін EyeSight жүйесі; жолсыздық жағдайында Subaru көліктерінің техникалық қасиеттері сынақтан өткізіледі.

Тест-драйвқа келіп, экстремалды жүргізуді қауіпсіз етуге үйреніңіздер!

Іс-шара тұрақты түрде өтетін болады. Ресми сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздағы жаңалықтарды өткізіп алмаңыздар.


 

*Владимир Бородин - Қазақстан Республикасы автомотоспорт федерациясының вице-президенті (ҚР АМСФ), экстремалды жүргізу мектебінің негізін қалаушысы, Астана Моторс компаниясы "Дала бөрілері" командасының бас пилоты, автокөлік кроссы, ралли бойынша ҚР бірнеше дүркін чемпионы.