Santa Fe: қала өмірі мен отбасы үшін жайлылықтың үйлесімі

"Астана Моторс" ҚМК құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan жаңа буынға жататын Santa Fe үлгісінің қазақстандық тұсаукесерін өткізді. Төртінші буынды Hyundai Santa Fe кроссовері сәнді әрі заманауи дизайнда ұсынылған.

Жаңа Santa Fe – қарапайым әрі талғамға сай жайлылық, қауіпсіз жүргізу және ойластырылған функциялар жиынтығы. Алдыңғы бөлікте ірі ұяшықты трапеция пішінді радиатор торы болса, негізгі жарық фаралары капоттың жоғарғы бөлігінде орналасқан, әрі қусырылған конус тәрізді пішінге ие. 4-ші буынды Santa Fe өлшемдері біршама ұлғайтылған. База 65 мм ұзарып, енді 2765 мм құраса, жаңа шанақтың ұзындығына 70 мм қосылып, ол 4770 мм жетті, ал ені 10 мм артып, енді 1890 мм құрайды. Салонның іші ұлғайып, нәтижесінде үшінші қатардағы орындықтарға кіру ыңғайлырақ бола түсті. Ал екінші қатардың орындықтары бір түйменің көмегімен жиналады.

Төртінші буынға жататын Santa Fe жаңа жоғары технологиялы платформа негізінде шығарылған. Бұл заманауи HTRAC толық жетекті жүйесімен жабдықталған Hyundai автомобильдері ішіндегі алғашқы үлгі.

Орташа ауқымды отбасылық жол талғамайтын көлік ең жаңа технологиялармен жабдықталған. Мысалы, климатты бақылаудың интеграцияланған жүйесі, жайлы отыруға арналған жүргізуші орындығының реттелетін жастықшасы, сонымен қатар жолаушыларға арналған келесідей қауіпсіздік жүйелері бар: Safe Exit Assist (SEA) – жақындаған нысанды анықтап, есіктің ашылуына жол бермейтін қауіпсіз шығуға мүмкіндік беретін көмекші; Rear Occupant Alert (ROA) – артқы орындықта жолаушының, атап айтқанда баланың бар екені туралы хабарлайды және шығып бара жатқаны туралы ескертеді; One-touch walk-in – бір түймені басып, кіруге болады.

Жол жүру қауіпсіздігі ең жаңа қауіпсіздік жүйелері мен қосалқы технологиялардың арқасында қамтамасыз етіледі. Мысалы, RCCA жүйесі – бұл көлденең қиып өткенде артқы жақтан келіп соқтығысудың алдын алатын көмекші, бұл көлікті ыңғайлы әрі қауіпсіз қоюды қамтамасыз етеді. Smart Shift and Drivе Control – жүргізушіге жол жүру кезінде сенімділік беретін жетекті "ақылды" ауыстыру әрі басқару.

Сонымен қатар проекциялық HUD дисплейі құрылғылар көрсеткіштерін алдыңғы әйнегіне шығарып, осылайша жүргізушінің көлікті басқару кезінде алаңдауын азайтады. Жетілдірілген автомобиль асылғысы жұмыс тиімділігін жақсартса, оңтайландырылған геометрия шанақтың тұрақтылығы мен рөлмен басқарудың жеңілдігін арттырады.

FCA қызметі басқа көлік құралымен немесе жаяу жүргіншімен соқтығысты болдырмау және соқтығыс залалын азайту үшін автомобильді автоматты түрде тежейді. Ал SCC/S&G функциясы автомобильдер арасындағы жылдамдық пен арақашықтықты сақтап, Santa Fe алда келе жатқан көлік құралы жүріп бастағаннан кейін қозғалады.

Естеріңізге салсақ, Hyundai бренді Қазақстандағы әлемдік маркалардың арасында сатылым бойынша екінші орынға ие. 2018 жылы Hyundai брендінің нарықтағы үлесі 15% жетті.

Қазіргі таңда компания Santa Fe үлгісін Қазақстанға толық жетекті, бензин және дизель қозғалтқыштарының көлемі 2,2 және 2,4 литрлік, қуаты 172-ден 200 а.к. дейінгі нұсқаларда жеткізеді. Автомобильдің базалық жиынтықтағы құны 11 390 000 тг басталады.