LEXUS ASTANA КОМПАНИЯСЫ LEXUS KIWAMI 2020 СЫЙАҚЫСЫНА ИЕ БОЛДЫ!

"Лексус Астана" дилерлік орталығының тобын мәртебелі халықаралық сыйлығымен Lexus Europe вице-президенті Паскаль Руш ресми түрде құттықтады.

Жыл сайын Lexus Europe үздік дилерлерді тамаша жұмысы, 5 жұлдызды деңгейде Lexus қызмет көрсету стандарттарына сай болғаны, Омотенаши қонақжайлылығының жоғары деңгейін көрсеткені және бизнестегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Lexus Kiwami беделді сыйақысымен марапаттайды.

Екі сатылы таңдау мен бағалау нәтижесінде Lexus Kiwami 2020 (жапон тілінен аударғанда "максималды") сыйақысының 14 лауреаты анықталды, олардың қатарында "Лексус Астана" бар.

Қазақстанда "Лексус Астана" алғаш болып екі рет қатарынан қонақжайлылықтың ең жоғарғы стандарттарын ұстану жетістіктері үшін үздік дилерлер қатарына кіріп отыр (бұрын барлық үміткерлердің ішінде тек 4 Lexus дилері осы сыйлыққа ие болған).

"Лексус Астана" дилерлік орталығы Омотенаши қонақжайлылығы қағидасы қазақстандық нарықта сәтті қолданылатынын көрсетеді. Бұл қағида жапон дәстүрлерінен шабыт алған, клиенттерді масаттандырып, армандарын орындауға бағытталған және Lexus компаниясының барлық қызмет салаларында негізгі фактор болып табылады.