АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫНА АРНАҒАН HYUNDAI

Алматы облысының полиция бөлімшелері автопаркін жаңа Hyundai автомобильдерімен толықтырды.

Берілген мамандандырылған автокөліктер патрульдік полицияға, кезекші бөлімшелерге және жергілікті полиция инспекторларына арналған және қалалық, республикалық маңызы бар жолдарда жол апаты немесе төтенше жағдайда әрекет ету үшін пайдаланылады.

Автокөліктер өндірісі қостанайлық машина жинау кәсіпорынында жүзеге асырылды. “Астана Моторс” компаниясы автокөліктерді арнайы тапсырыспен қосымша жабдықпен жабдықтады: арнайы жарық және дыбыстық сигналдары, сондай-ақ автокөліктің бүйірлік беттерінде түсті графикалық схема.