19 наурызда Астанада «Тойота Центр Астана» ашылды, ол – Қазақстан елордасындағы «Тойота» корпорациясының барлық стандарттарына сай келетін Toyota маркасының тұңғыш ресми дилерлік орталығы. Жаңа автоорталықты Тойотаның Қазақстан Республикасындағы ресми дилері «Астана Моторс» ҚМК ұсынады.
АВТОСАЛОН
Жалпы ауданы 4267 шаршы метрді құрайтын қазіргі заманға сай автоорталық Қазақстан Республикасындағы ең үздік орталықтардың біріне айналды. Оның құрылысына 6 миллион доллар инвестиция құйылды. «Тойота Центр Астана» орталығында клиенттерге барынша ыңғайлы болуы үшін бәрі бар – онда шоу-рум, сервистік станция мен фирмалық қосалқы бөлшектер қоймасы қамтылған. Жаңа дилерлік орталық Астанада және Ақмола облысында Тойота автомобильдеріне деген сұранысты қанағаттандыруға, сондай-ақ клиенттерге жеткізу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.
Авторталықтың кең Шоу-румы меймандарды тіпті адам көп болған кезде де жайлылық пен ұядай жылылық күйіне бөлейді. Бұл жерде клиенттердің Қазақстанда ұсынылатын Тойота автомобильдерінің үлгілерінің толық қатарымен танысып шығуға, автомобильдерге тест-драйв жүргізуге, машинаны сақтандырып, оны сатып алу үшін несие ресімдеуге және қосымша жабдық орнатуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ «Тойота Центра Астана» меймандарының пайдалануына ыңғайлы креслолар бар демалыс бөлмесі, кафе және балалар бұрышы ұсынылады. Дилерлік орталықта білікті қызметкерлер жұмыс істейді, бұл әр клиентке бөлек тұрғыдан қарап, сапалы қызмет көрсетілетініне кепілдік береді.
АВТОМОБИЛЬДІ ҚАЛАЙ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
Егер Сіз «Тойота» маркасының автомобилін сатып алуды ұйғарсаңыз, біз Сізді «Тойота Центре Астана» орталығында күтеміз.
АВТОМОБИЛЬДІ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАҒА САТЫП АЛУ
Автомобильді қолма-қол ақшаға сатып алатын кезде, Сізде мыналар болуға тиіс:
Салонда Сіздің жаныңызға кеңесші сатушы келіп, автомобильдің үлгісін, түсін және жиынтықталымын айқындауға көмектеседі, қай үлгінің болмасын артықшылықтарын, жиынтықталымын егжей-тегжейлі сипаттап береді, қосымша жабдыққа және керек-жарақтарға қатысты кеңес айтады, автомобильді несиеге сатып алу мүмкіндігі жайында және оны сақтандыру туралы айтып береді, сондай-ақ Сізді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап береді.
Егер Сіз керегін таңдап алсаңыз, кеңесші сатушы автомобильдің техникалық сипаттамалары, сондай-ақ оны жеткізу мерзімі мен шарттары көрсетілетін Сатып алу-сату келісімшартын және кепілдік кезеңіндегі дилердің міндеттемелері көрсетілетін Кепілдік келісімді жасайды. Содан кейін кеңесші Сізді тура шоу-румда орналасқан кассаға ертіп әкеледі.
Төлем жасалғаннан кейін Сізді шоу-румда орналасқан жайлы кафеге шақырады. Бұл жерде Сіз автомобиліңіз сату алдындағы дайындықтан өткенше немесе оған Сіз тапсырыс берген қосымша жабдық орнатылғанша кофе іше отырып күте аласыз.
Автомобиль әзір болған бетте, кеңесші сатушы Сізді тапсыру орнына шақырып, Сізге кілтті және машинаның құжаттарын тапсырады және Сізге сатып алғаныңыз үшін алғыс айтады.
АВТОМОБИЛЬДІ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ БОЙЫНША САТЫП АЛУ
«Тойота Центра Астана» салонында заңды және жеке тұлғалар автомобильді қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы сатып ала алады.
АВТОМОБИЛЬДІ ТАПСЫРЫС БОЙЫНША САТЫП АЛУ
Сіз үлгісі, түсі мен жиынтықталымы өзіңіздің көңіліңізден шығатын автомобильге Қазақстанға жеткізілуі мүмкін машиналардың ішінен тапсырыс бере аласыз. Бұл үшін Сізге «Тойота Центр Астана» орталығына келіп, сатып алу-сату келісімшартын жасасу және автомобильдің құнының 10%-ы мөлшерінде алдын ала төлем жасау керек. Машина қоймаға келіп жетке бетте Сізге кеңесші сатушы қоңырау шалып, сауда бөліміне келуге шақырады. Бұл жерде Сіз қалған сомасын төлейсіз де, Орталықтан жаңа машина мініп кетесіз.
БАЙЛАНЫСТЫҚ АҚПАРАТ
| Біздің Орталықтың жұмысын талқылау немесе мамандарға сұрақ қою үшін мына телефондар |
| арқылы хабарласыңыз: |
телефон: |
+7 (7172) 35-05-05, 34-24-94 |
| |
факс: |
+7 (7172) 34-03-55 |
|