Осы веб-торапты пайдалану төменде келтірілген ережелер арқылы реттеледі. Егер сіз оларға келіспесеңіз, біздің веб-тораптан шығуыңызды өтінеміз.
Жауапкершілік
Осы веб-торапты пайдалануға байланысты бүкіл тәуекел мен жауапкершілікті веб-торапқа кірген мейман көтереді. "Астана Моторс" ҚМК сіз веб-торапты қарап отырған сәттегі бүкіл ақпараттың шын екеніне кепілдік бере алмайды.
"Астана Моторс" ҚМК осы веб-торапты пайдалануыңыздың салдарынан сізге келтірілуі мүмкін кез келген зиян үшін жауапкершілік көтермейді.
Санаткерлік меншік
"Астана Моторс" ҚМК ентаңбасы тіркелген сауда белгісі болып табылады, ентаңбаға деген құқық заңнаманың тиісті нормаларымен қорғалған. "Астана Моторс" ҚМК ентаңбасын кез келген түрде пайдалануға "Астана Моторс" ҚМК тарапынан жазбаша рұқсат болған жағдайда ғана жол беріледі.
Осы веб-торап және онда орналастырылған барлық материалдар авторлық құқықтар туралы заңдармен және халықаралық келісімдермен қорғалған. Осы веб-торапта берілген барлық ақпаратқа, сызбалық кескіндерге, мәтіндер мен басқа да материалдарға деген барлық құқық "Астана Моторс" ҚМК-на, жарнама агенттіктеріне, сондай-ақ "Астана Моторс" ҚМК мен басқа үшінші тұлғалардың арасында жасалған шарттардың талаптарына сәйкес тиісті үшінші тұлғаларға тиесілі болып табылады.
Осы веб-торапта берілген материалдарды немесе олардың кез келген бөлігін "Астана Моторс" ҚМК-ның жазбаша түрдегі алдын ала келісімінсіз, пайда алу мақсатында көшіріп жариялауға, пайдалануға немесе үшінші тұлғаларға табыстауға болмайды. Осы веб-торапта берілген материалдарды сіздің тек жеке пайдалану мақсатында қарап шығуыңызға немесе қағазға басып шығаруыңызға болады. Осы веб-торапты немесе оның кез келген бөлігін заңсыз көшіріп жариялау немесе тарату азаматтық және/немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Жоғарыда көрсетілген ескеруден жалтаратын тұлғалар заңға сәйкес жазаға тартылады.
Жеке адамдардың деректері
"Астана Моторс" ҚМК жеке дара деректерді қорғау туралы қолданыстағы заңнаманың ережелерін ұстанады. Осы веб-торапты пайдаланған кезде, сондай-ақ "Астана Моторс" ҚМК-на кез келген басқа түрде хабарласу арқылы ақпарат бере отырып, сіз сол ақпараттың құпия емес екеніне және оны "Астана Моторс" ҚМК сақтай әрі пайдалана алатынына келісесіз.
Веб-тораптың материалдарын осы ескертудің шегінен шығатын түрде пайдалануға рұқсатты "Астана Моторс" ҚМК-нан жазбаша түрде алуға болады.