қазақша | русский | english    


АВТОСАЛОНДАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ    

"АСТАНА МОТОРС" ҚМК    

Дс.-Жм.: 9:00-19:00    

Сн.-Жс.: 9:00-17:00    

ІЗДЕУ        
Компания туралы \ Мансап
 
   КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясы – автомобильдерді сату мен сервистік қызмет көрсету саласындағы Қазақстандағы тұңғыш компания.

Компанияның мұраты – елімізде өркениетті автомобиль нарығын қалыптастыру. Біз «үш S» қағидасы бойынша жұмыс істейміз: Sales (автомобильдер сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді сату).


толығырақ...

 
“АЛМАТЫ” ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ
   МАНСАП

Өзінің нарықтағы көшбасылық орнына «Astana Motors» компаниясы өзінің ұжымының арқасында ие болып отыр деп кәміл сеніммен айтуға болады, ұжымның елеулі бөлігі осында компания құрылған күннен бері еңбек етіп келеді. Және де біз қызметтің нәтижелері үшін жауапкершілікті бөлісуге әзір жас, талапты әрі дарынды мамандарды әрқашан да қуана қабылдаймыз! "Astana Motors" табыстың компанияда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегінен құралатынын жақсы біледі, сондықтан біздің кадрлық саясатымыз компанияның міндеттерін тиімді шешуге қабілетті ұжымды қалыптастыруға бағытталады.

Компания күрделі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік бере отырып, Сіздің мансаптық өсуіңізге мүдделі. Біз кәсіпби жағынан оқып-үйрену мен даму үшін жақсы мүмкіндіктер ұсынамыз, лайықты еңбекақы төлейміз, жақсы жұмыс жағдайларын қамтамасыз етеміз және жоғары еңбек нәтижелерін лайықты бағалаймыз. «Astana Motors» Сізге өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді толық іске асыруға мүмкіндік береді.

Біздің компаниядағы ашық позициялар бойынша конкурсқа қатысу үшін, Сіздің:
  • HR@astana-motors.kz электрондық пошта мекен-жайы бойынша немесе + 7 (727) 7447637 факсы арқылы өз резюмеңізді жолдауыңызға;
  • өз резюмеңізді біздің дилерлік орталықтарымыздың кез келгеніндегі ресепшнде қалдыруыңызға болады.
Хаттың тақырыбында өзіңіздің тегіңізді, есіміңізді және өзіңіз үміт артатын лауазымның атауын көрсетуді өтінеміз.

Егер Сіздің тәжірибеңіз және біліктілігіңіз талаптарға сай келсе, біз міндетті түрде Сізді сұхбаттасуға шақырамыз. Келіп түскен барлық резюмелер дерекқорға түседі, жаңа позициялар ашылған кезде біз ең әуелі сол дерекқорды қараймыз.

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ:

  • Сервис
  • Қосалқы бөлшектер
  • Клиенттік сервис
  • Бухгалтерия
  • Ақпараттық технологиялар

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ    ВЕБ-ТОРАПТЫҢ КАРТАСЫ    вверх