қазақша | русский | english    


АВТОСАЛОНДАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ    

"АСТАНА МОТОРС" ҚМК    

Дс.-Жм.: 9:00-19:00    

Сн.-Жс.: 9:00-17:00    


ІЗДЕУ        
Көрсетілетін қызметтер \ Несие
 
   КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясы – автомобильдерді сату мен сервистік қызмет көрсету саласындағы Қазақстандағы тұңғыш компания.

Компанияның мұраты – елімізде өркениетті автомобиль нарығын қалыптастыру. Біз «үш S» қағидасы бойынша жұмыс істейміз: Sales (автомобильдер сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді сату).


толығырақ...

 
“АЛМАТЫ” ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ
   НЕСИЕ



«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да автокредиттер беру талаптары

«Автокөлік сатып алуға» деген бағдарлама бойынша:


Пайдалану мақсаты:
автосалоннан жаңа автомобиль сатып алу үшін.

Табысты растау: егер сатып алынатын жаңа автокөлік құнының кемінде 50%-ы мөлшерінде бастапқы жарна төленетін болса, міндетті емес.

Бастапқы жарна сомасы:
сатып алынатын жаңа автокөлік құнының кемінде 20 %-ы мөлшерінде.

Кредит берудің ең ұзақ мерзімі:
84 ай.

Кредит валютасы:
теңге және АҚШ доллары.

Қамтамасыз ету:
сатып алынатын жаңа автокөлік, коммерциялық / комерциялық емес мақсаттағы жылжымайтын көлік,заңды тұлғаның кепілдігі, банктегі салым.

Мерзімінен бұрын өтеу:
қарыз берілген күннен бастап 3 ай өткен соң, айыппұл санкциясынсыз.

Сақтандыру түрлері:
мүліктік сақтандыру (кепіл мүлкін), жеке басын сақтандыру (жазатайым жағдайлардан және еңбек қабілетін жоғалтудан) - қолданыстағы тарифтерге сәйкес.

Кепілді бағалау:
автокөлік құны шот-фактураға сәйкес немесе автосалонның прайс-парағы негізінде бағаланады.

Кредиттік өтінімді қарастыру үшін қажетті құжаттар:

  • өтінім берушінің, кепіл берушінің, қосарлы заемшының (егер ол қатысатын болса) жеке куәлігі (көшірмесі /түпнұсқасы);
  • өтінім берушінің, қосарлы заемшының (егер ол қатысатын болса) СТН-і (көшірмесі /түпнұсқасы);
  • өтінім берушінің, қосарлы заемшының (егер ол қатысатын болса) ӘЖК (көшірмесі /түпнұсқасы);
  • соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама, зейнетақы қорынан берілетін үзіндімен бірге (қажет болған жағдайда);
  • өтінім берушінің тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі.

Қосымша толығырақ ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:

Байланыс орталығы: +7 727 259 07 77; +8 8000 8000 59.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ    ВЕБ-ТОРАПТЫҢ КАРТАСЫ    вверх