Автосалондардың жұмыс кестесі
"АСТАНА МОТОРС" ҚМК
Дс.-Жм.: 9:00-19:00
Сн.-Жс.: 9:00-17:00

Компания туралы
«Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясы – автомобильдерді сату мен сервистік қызмет көрсету саласындағы Қазақстандағы тұңғыш компания.

Hyundai Truck & Bus
Hyundai Truck & Bus Kazakhstan компаниясы 2005 жылғы тамыз айында құрылды, ол «Астана Моторс» ҚМК құрамына кіреді. Компания Hyundai маркалы коммерциялық техниканы (жүк машиналары, автобустар, арнайы техника) сатып өткізумен айналысады және Қазақстанның аумағындағы кореялық Hyundai Motor Company компаниясының ресми дистрибьюторы болып табылады.

 АВТОСАЛОН 

Қазақстанның экономикалық және өндірістік өсуіне және жүк тасымалдау көлігі нарығындағы қолайлы ахуалға байланысты 2005 жылдың жазында Hyundai Center Kazakhstan компаниясы Hyundai коммерциялық техникасын сатып өткізу бойынша жаңа жобаны игеруге кірісті. 2007 жылғы ақпан айынан бастап Hyundai Truck & Bus дербес бөлімшеге айналды.

 АВТОМОБИЛЬДЕРДІ САТУ  

Еуропада шығарылатын автотехникамен салыстырғанда, Hyundai маркалы коммерциялық техника бәсекелестікке барынша жарамды техника болып табылады. Оның негізгі артықшылықтары – қолайлы баға, жеткізілімнің ыңғайлы мерзімдері мен жағдайлары, сондай-ақ 2 жыл мерзімге немесе 50 мың км жол жүріп өткенше зауыттық ақаулыққа кепілдіктің қамтамасыз етілуі. Hyundai Truck & Bus компаниясының жұмысы техниканың көптеген түрлерін сатуды көздейді:
  • кіші, орташа және үлкен жүк көтеру сыйымдылығы бар өздігінен жүк түсіргіш машиналар;
  • автобустар – қалалық және қалааралық;
  • тағам өнімдерін, сусындарды тасымалдауға арналған жүк машиналары (рефрижераторлар, құрғақ жүк тасығыш машиналар және т.б.)
  • арнайы техника: қоқыс тасығыш машиналар, контейнер тасығыш машиналар, бензин тасығыш машиналар, миксерлер, техникалық су мен төгінді суды тасымалдауға арналған вакуумдық су тасығыш машиналар.

 СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ  

Hyundai Truck & Bus Kazakhstan компаниясының базасында коммерциялық техникаға сервистік қызмет көрсету станциясы жұмыс істейді, ол әлемдік стандарттарға сай келетін жабдықпен жарақталған. Компания сатуға ұсынылатын техникаға Кореядан жеткізілген, өндіруші зауыттың кепілдігімен қамтамасыз етілген тұпнұсқалық қосалқы бөлшектермен техникалық қызмет көрсетуді және керек-жарақтармен қамтамасыз етуді ұсынады. Техникалық қызметкерлер Hyundai Motor Company компаниясының Кореядағы оқу орталықтарында үнемі тренингілерден өтіп отырады.

 КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР 
  • диагностиканың барлық түрлері;
  • жүйелердегі майды ауыстыру;
  • жүріс бөлігін жөндеу;
  • электрлік жабдықты жөндеу;
  • тежегіш жүйені жөндеу;
  • жетек таспаларын және ГРМ таспасын алмастыру;
  • қозғалтқыштар мен агрегаттарды күрделі жөндеу.

 ҚЫЗҒЫЛЫҚТЫ ФАКТІЛЕР  

2006 жылғы 4 тамызда Hyundai Truck & Bus коммерциялық техникасының шоу-румы ашылды. Ол Hyundai жеңіл автомобильдері сатылатын және сервистік қызмет көрсетілетін автоорталықтың жанында орналасқан. Оның ауданы 765м2. Шоу-рум Hyundai Motor Company компаниясы марканың дистрибьюторларына қоятын корпоративтік стандарттарға сай келеді және осындай түрдегі бірден бір шоу-рум болып табылады.

 БАЙЛАНЫСТЫҚ АҚПАРАТ  

Орналасқан жері: Алматы қаласы, Самал-2, 58, оф.15
Тел: +7 (727) 244 76 52, 259 80 53
E-mail: infohyundai.kz   Web-site: tb.hyundai.kz




















 
Toyota Center Almaty
тел.:+7 (727) 297-96-66, 297-96-13
факс: +7 (727) 297 96 15
Subaru Center Almaty
тел.: +7 (727) 383-18-83,
факс: +7 (727) 271 49 24
Hyundai Auto Almaty
тел.:+7 (727) 234 14 34
факс:+7 (727) 234 14 40
A-Motors, Nissan автоорталығы
тел.:+7 (727) 232 7380,
232 7381, 235 8385, 232 7278
Бавария автоорталығы
тел.:+7 (727) 250 00 22
факс:+7 (727) 273 75 50
 
  • Алматы
  • Астана
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Атырау
  • Қостанай
  • Көкшетау
  • Қызылорда
  • Қарағанды
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семей
  • Орал
  • Өскемен

Сайттың картасы / Құқықтық құлақтандыру
 
Twitter RSS Facebook Facebook Google+ YouTUBE