График работы в автосалонах
КМК "АСТАНА МОТОРС"
Пн.-Пт.: 9:00-19:00
Сб.-Вс.: 9:00-17:00

Опровержение
КМК «Астана Моторс» сообщает, что не проводит никаких розыгрышей автомобилей, и не имеет отношения к подобным SMS-викторинам других компаний. Просьба: чтобы не стать жертвами мошенников, будьте бдительны, и не поддавайтесь на подобные сообщения!

О компании
Казахская Моторная Компания «Астана Моторс» – первая компания в Казахстане, работающая в сфере продаж и сервисного обслуживания автомобилей.
Миссия компании - формирование цивилизованного автомобильного рынка в стране. Мы работаем по принципу «трех S»: Sales (продажа автомобилей), Service (сервисное обслуживание), Spare parts (продажа оригинальных запчастей).

Акции

Новости
«Тойота Центр Алматы» - дилер Toyota № 1 в Казахстане Впервые в истории премии Toyota Ichiban награда отправилась в Казахстан
18.05.2012

«Скорая помощь» от «Астана Моторс»
25.04.2012

Открытие столичного автоцентра премиум-класса Lexus Astana
23.04.2012

Открытие столичного «Автоцентра Бавария Астана»
13.04.2012

Сервисная акция «ВЕСЕННИЙ ХИТ»
04.04.2012


все новости

Видео материалы

Первая любовь.

Байга

Наше время!

23.01.2012
Пресс-служба КМК "Астана Моторс"
контактные телефоны:
+7 (727) 259-75-52
+7 (727) 244-76-53
e-mail: pr@astana-motors.kz

«АСТАНА МОТОРС» ҚМК 2011 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУДА

 

Уақыты: 16.00, 2012 жылғы 23 қаңтар
Орны: Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы, 151, Toyota Center Almaty көрме жайы (шоу-рум)
Қатысушылар: Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы - Astana Group президенті
Әуезов Камиль Жанысұлы - «Астана Моторс» ҚМК бас директоры
Афонин Антон – «Астана Моторс» ҚМК бас директорының орынбасары

Үстіміздегі жылғы 23 қаңтарда Алматыда «Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясы 2011 жылғы қызметінің қорытындысына арналған баспасөз мәжілісін өткізеді.
 «Астана Моторс» ҚМК – Қазақстанда автомобильдерді сату мен сервистік қызмет көрсету саласында 1992 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан тұңғыш компания. Бүгінгі таңда «Астана Моторс» компаниясы Қазақстанның нарығында 7 автомобиль брендін ұсынады – Алматы мен Астана қаласындағы Тойотаның ресми дилері, Қазақстанның аумағындағы Hyundai жеңіл және коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы (импортері), Қазақстандағы Subaru компаниясының ресми дистрибьюторы  (импортері), Қазақстандағы BMW және MINI брендінің ресми дистрибьюторы  (импортері), Nissan автомобильдерінің Алматыдағы ресми дилері, Lexus компаниясының Астанадағы ресми дилері.
2011 жылы Қазақстан Республикасында 40 266 жеңіл автомобиль сатылды (2010 жылы – 21 810, 85%-ға артық). Бұл орайда «Астана Моторс» компаниясы 2010 жылғы 2 273 дана жеңіл автомобильмен салыстырғанда, 2011 жылы 6 069 жеңіл автомобильді сатып өткізді (167%-ға артық), компанияның сатылымдарының өсу қарқыны нарықтық қарқыннан 2 есе дерлік асып түсті. Басқа автомобиль компанияларының жеңіл автомобильдерді сату көлеміндегі «Астана Моторс» компаниясының үлесі 2010 жылғы 10%-дан 2011 жылғы 15%-ға дейін өсті.
2011 жылы Қазақстанда 2010 жылғы 667 данамен салыстырғанда, коммерциялық техника мен автобустардың 486 данасы сатып өткізілді (өсу – 37%). Бұл орайда «Астана Моторс» компаниясы 2010 жылғы техниканың 120 данасымен салыстырғанда өткен жылы 225 данасын сатып өткізді (өсу – 87,5%), өсу қарқыны нарықтық қарқыннан екі есе дерлік асып түсті. Компанияның үлесі 2010 жылғы 25%-дан 2011 жылғы 34%-ға дейін өсті.
Осылайша, «Астана Моторс» компаниясы 2011 жылы жеңіл және коммерциялық техниканы сатуда алға жарып шығып, Қазақстандағы нарықтық өсу қарқынынан айтарлықтай озып кетті.
Көп жағынан алғанда мұндай өсуге компанияда орын алған оңды өзгерістер себеп болды. Жаңа кәсіпқой басшыларды тарту есебінен дистрибьюторлық және дилерлік компанияларды басқару тиімділігі арттырылды, серіктес банктермен несие қоржынының сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілді, жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу үшін компанияның айналымдық қаражатына қосымша қаржы ресурстары мен инвестициялар тартылды.
Сондай-ақ 2011 жылы Hyundai Motor Company, Toyota Motor Kazakhstan, Nissan Motor Rus, BMW AG және Subaru сияқты өндіруші компаниялармен негізгі импортерлік және дилерлік шарттар қайта жасалды, ал бұл өндірушілер тарапынан үлкен сенім артылуының және «Астана Моторс» компаниясының сапалы жұмысының дәлелі болып табылады. Компания Lexus және MINI брендтері бойынша тиісінше дилерлік және дистрибьюторлық шарттар жасасып, сол арқылы брендтер қоржынын кеңейтті. Сөйтіп, 2011 жылдың ортасында-ақ Астана қаласында жаңа BMW/MINI және Lexus екі автоорталығының құрылысы басталды. Олар астананың сол жағалауындағы қаланың беделді іскерлік бөлігінде орналасады. Автоорталықтардың екеуі де өндірушілердің соңғы стандарттарына түгелдей сәйкес түрде тұрғызылатын болады. Құрылысқа құйылған инвестициялардың көлемі 9 миллионнан астам АҚШ долларын құрады. Осы автоорталықтардың ашылуы Қазақстанның астанасында 100-ден астам жаңа жұмыс орнын құрмақ. Автоорталықтар өз есігін ресми түрде үстіміздегі жылдың наурыз айында ашады.
2011 жылғы қаңтарда компания Hyundai AutoTrans шағын тонналы жүк машиналарын құрастыратын зауыт ашты. Өткен жылы онда «Хендэ» коммерциялық техникасының 68 данасы құрастырылып шығарылды. Көлемінің осындай аз болуы өндіріс технологияларының ретке келтірілуіне және желілердің жаппай өнім шығаруға дайындалуына байланысты еді. Өндірістік цехтардың ауданы 2000 шаршы метрге дейін екі есе ұлғайтылды, аспалы жабдық өндіруге арналған желілер, сондай-ақ Hyundai County үлгісіндегі автобустарды құрастыруға арналған бояуыш және құрастырғыш жабдық сатып алынды. Өндірушінің қолдауының арқасында құрастырушы кәсіпорын коммерциялық техниканы экспорттық бағытта сатып өткізу құқығына ие болды да, жүк автомобильдерінің алғашқы тобы Кедендік Одақ шеңберінде Беларусь Республикасына жеткізілді. 2012 жылы компания осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, ішкі нарық үшін техниканың 619 данасын және экспорттық келісімшарттар бойынша 500 данасын құрастыруды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар зауыттың аумағында қазіргі заманға сай кеңсе жайы тұрғызылды, онда «Астана Моторс» компаниясының бас кеңсесі, сондай-ақ ұсынылатын брендтердің дистрибьюторлары (импортерлері) орналасады, бұл компанияны тиімді басқарудың жаңа деңгейіне шығып, Қазақстан нарығын 2012-2017 жылдары дамытудың стратегиялық жоспарын іске асыруға мүмкіндік береді. Орталық кеңсенің ресми ашылуы үстіміздегі жылдың ақпан айында өтеді.
2012 жылы «Астана Моторс» компаниясына 20 жыл толады. Осыған байланысты компания өзінің клиенттеріне осы 20 жыл бойы компанияға ниеттес болып келе жатқаны үшін алғыс білдіреді және бүкіл Қазақстан бойынша бірқатар кең ауқымды іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. 
    
Қазақстандағы автомобиль нарығының басты үрдістері
2011 жылды нарық бойынша да, сондай-ақ «Астана Моторс» компаниясы бойынша да қорытындылай келе, Қазақстанның автомобиль нарығына тікелей ықпал еткен негізгі макроэкономикалық үрдістерді атап өткен жөн:

  • Қазақстан экономикасын дағдарыстан кейін қалпына келтіру, және соның нәтижесінде халықтың сатып алу жағынан белсенділігінің артуы;
  • Кедендік Одақты іс жүзіне асыруға және Қазақстанның оған кірігуіне байланысты өзгерістер;
  • шағын және орташа бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары және автомобиль бизнесін индустриализациялауға арналған ұлттық базаны қалыптастыруға негіз болған «Қазақстанды Қарқынды  Индустриялық-Инновациялық дамыту бағдарламасы»;

Осының бәрі нарық бойынша сатылымдардың екі есе артуына (және «Астана Моторс» компаниясының сатылымдарының өсуіне) әсер етті. Тұтастай           алғанда, ҚР нарығындағы жеңіл автомобильдерді сату көрсеткіштері 2011 жылы жоғарырақ бола алар еді, бірақ жапон және корей автомобильдерінің сатылуына екі жағдай әсер етті: корейлік өндіруші зауыттың жұмысының көп болуы және Жапонияда орын алған зілзала. Алайда қазақстандық тұтынушылардың корей және жапон автомобильдеріне деген ынтасы жоғары деңгейде қалып отыр. Бұл орайда Қазақстан нарығындағы корей автомобильдерінің үлесі 2010 жылғы 17%-дан 2011 жылғы 25%-ға дейін өсті. 
Кедендік Одақ Қазақстандағы автомобильдер бойынша баға ұсынымының қалыптасуына ықпалын тигізді. Бұл сегменттер бойынша сатылымдар құрылымын өзгертті. Мысалы, эконом-класс үлгілерін сату үлесі 2010 жылғы 30%-дан 2011 жылғы 46%-ға дейін артты. Бұл бағасы мен сапасының арақатынасы ұтымды, Ресейде құрастырылған импорттық маркаларды, сондай-ақ Қазақстанда құрастырылған автомобильдерді жеткізу арқылы қамтамасыз етілді. Осындай үрдіс 2012 жылы да жалғасатын болады.
Нарықтағы сияқты, «Астана Моторс» компаниясындағы жеңіл автомобильдер құрылымында эконом-класс (баға ауқымы 15 000 шартты бірліктен 20 000 шартты бірлікке дейін) жол таңдамайтын автомобильдер үлесінен алғаш рет асып түсіп, компанияның барлық сатылымдарының 40% үлесіне ие бола бастады. Ең жақсы сатылған үлгі Hyundai Accent (2 106 дана) болды. Бұл үлгі жоғары құрастыру сапасының, автомобильдің жаңа дизайнының, сондай-ақ көптеген адамдардың қалтасы көтеретін баға ұсынымының арқасында кеңінен танымал болды.
Эконом-класс үлесінің артқанына қарамастан, жол таңдамайтын автомобильдер ҚР автомобиль нарығында бұрынғысынша үлкен сұранысқа ие.  

2012 жылғы болжамдар

2012 жылы «Астана Моторс» ҚМК Қазақстан нарығында жеңіл автомобильдерді 77 000 дана деңгейінде сатуды болжап отыр, бұл 2010 жылға қарағанда 92% өсуді білдіреді. «Астана Моторс» компаниясы жеңіл автомобильдердің 11 800 данасын сатып өткізіп (2010 жылға қарағанда 94% өсу), нарықтағы өзінің үлесін сақтап қалуды жоспарлауда, бұл орайда, сыртқы күйзелістер және Қазақстан экономикасына айтарлықтай кері ықпал болмаған жағдайда, компанияның айналымдары 2 еседен астамға артады.
2012 жылы жаңа автомобильдер сатылымының бұрынғыдан жоғары өсу қарқынына жету үшін бөлшек сауданы несиелендіруді және лизингілік қызметтер көрсетуді дамыту қажет. 2011 жылы ҚР автомобиль нарығындағы бөлшек сауданы несиелендіру дағдарысқа дейінгі көлемін сол күйі қалпына келтіре алмады да, жеңіл автомобильдерді несиеге сату үлесі нарықтағы барлық сатылымдардың 6%-ын ғана құрады, ал дағдарысқа дейін бұл көрсеткіш 40% болатын. «Астана Моторс» компаниясының сатылымдар құрылымындағы жеңіл автомобильдерді несиеге сату үлесі  2011 жылы компанияның барлық сатылымдарының 11%-ын құрады (2007 жылы – 30%). Автомобильдерді лизингке сату көлемі 2011 жылы бұрынғы деңгейінде қалды. Бұл Қазақстан нарығында автомобильдерді несиеге сатудың әлі ашылмаған мүмкіндіктері бар екенін білдіреді.
Компания аймақтық дилерлік желіні белсенді дамытуын жалғастырмақ: Алматы мен Астана қалаларында 2 жаңа Hyundai автоорталығын тұрғызу жоспарланып отыр.

Қосымша ақпарат алу үшін:
Александра Шиклеева,
«Астана Моторс» ҚМК-ның PR-менеджері
тел. 244-76-38 (#118)
моб.8-701-929-4010
e-mail: pr@astana-motors.kz











 
Toyota Center Almaty
тел.: +7 (727) 297-96-66, 297-96-13
факс:+7 (727) 297 96 15
Subaru Center Almaty
тел.: +7 (727) 383-18-83,
факс:+7 (727) 271 49 24
Hyundai Auto Almaty
тел.:+7 (727) 234 14 34
факс:+7 (727) 234 14 40
A-Motors, Автоцентр Nissan
тел.: +7 (727) 232 7380,
232 7381, 235 8385, 232 7278
Автоцентр – Бавария
тел.:+7 (727) 250 00 22
факс:+7 (727) 273 75 50
Astana Motors Leasing
тел.:+7 (727) 2718 448
факс:+7 (727) 2718 453
  • Алматы
  • Астана
  • Актау
  • Актобе
  • Атырау
  • Костанай
  • Кокчетав
  • Кызылорда
  • Караганда
  • Павлодар
  • Петропавловск
  • Семей
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск

Карта сайтa / Юридическое уведомление
 
Twitter RSS Facebook Facebook Google+ YouTUBE